Баспасөз қызметті

ХV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНЕ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТУ

Өтетін орны мен күні: Қазақстан, Астана қ., 2019 жыл, 30 маусым - 6 шілде

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ «Еуразия» кинофестивалі жайлы ақпарат тарату үшін ресми БАҚ өкілдерін (тіркелген баспасөз басылымдар, радио және телевизия, ақпараттық және ақпаратты-ағартушы интернет-порталдар, сайттар) аккредитациялайды.

Аккердитациядан өту үшін кинофестивальдің онлайн-формасын толтыру қажет немесе мына электронды пошта арқылы, [email protected] өзіңіз жайлы ақпарат жіберуіңіз қажет.

Бір басылымның журналистеріне берілетін аккредитация саны шектеулі. Аккредитация жөніндегі шешімді Дирекция қабылдайды.

Аккредитациядан өткен жағдайда БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ журналистің электронды поштасы мен байланыс терефондары автоматты түрде «Еуразия» ХКФ баспасөз-орталығының (жаңалықтар, баспасөз баяндар) тарату базасына енгізіледі.

Аккредитациядан өтуге арналған онлайн өтінім!

Аккредитациядан өтуге арналған форманы көшіріп алу!

 

«ЕУРАЗИЯ» ХКФ БАҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Аккредитация  2019 жылдың 15 маусымнан бастап 28 маусымға дейін жүргізіледі. Аккредитациялық карточка бөгде кісіге берілмейді, жоғалған жағдайда қайта жасатуға жатпайды.

Фестивальдегі көрсетілімдерге сеанс басталмай жатып, 10 минут бұрын орындарға жайғасу қажет. Сеанс басталған соң кіруге тек бос орын қалған жағдайда ғана болады және кешіккен жағдайда әкімшілік кіргізбей қоюға құқылы.

«Еуразия» ХКФ Баспасөз қызметі фестиваль қонақтарымен эксклюзивті сұқбат ұйымдастырады, алайда барлық қонақтармен іске асырылатынына кепілдік бермейді.

ХV «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінде сіздерді асыға күтеміз және сіздердің арқаларыңызда фестиваль жаздың ауқымды мәдени шарасына айналады деп сенеміз!

ХV «Еуразия» ХКФ Баспасөз қызметі