«Еуразия» ̶ 1998 жылы Қазақстанда негізі қаланып, FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) аккредитациясынан өткен және беделді британдық International FilmGuide басылымы әлемнің 35 танымал кинофестивальдер қатарына енгізген фестиваль. Фестивальдің негізгі міндеттері: Қазақстан және Орталық Азия аймағының киноиндустриясына қолдау көрсету, ынтымақтастық орнату, Еуропа және Азия елдерінің кинематографистерімен мәдени алмасу және кинобизнес жасау.
Өтінімдер 2019 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
ӨтінімСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Еуразия
Бірінші күннен бастап фестивальдің барлық іс шаралары толық аншлагпен өтті. Байқау көріністерінде де, баспасөз маслихаттарында да, фестиваль қонақтары мен кино мэтрлерінің мастер-кластарында да, сүйікті актерлермен кездесулерде де залдар көрермендерге лық толы болды - осының бәрі кинофорумның Қазақстанның мәдени өміріндегі орнын берік ұстағандығының дәлелі.
ХV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпазы анықталды
Бір апта бойы Нұр-сұлтан қаласы кино жасайтындардың, оны көпшілікке тарататын мамандардың және киносүйер қауымының шоғырлану орталығына айналды. Оған әлемнің барлық түкпірлерінен актерлер, режиссерлер мен продюсерлерді жинаған XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің өткізілуі себеп болды.