Регламент

ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ұйымдастыру және өткізу  ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін  (бұдан әрі – Кинофестиваль) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Кинофестивальдің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
  1. Кинофестивальдің мақсаты мен міндеттері 
  1. Кинофестивальді өзкізудегі басты мақсат: отандық киноны өнер туындысы және индустрия ретінде дамыту, көпшілік қауымның кинематографиялық өнерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
  2. Кинофестивальдің міндеттері:

1) кино саласында халықаралық байланысты орнату және дамыту, ко-өндірістегі серіктестікке аса назар аударып, отандық фильмдердің дистрибуциясын: Еуропа, Азия, Америка, Орталық Азия елдері арасында жасау болып табылады;

2) фестивальді Еуропа мен Азия арасында мәдени және кинематографиялық көпір ретінде қалыптастыру;

3) Қазақстан киноиндустриясының үздік киножобаларын көрсету, жетістіктерін ұсыну және тарату;

4) халықаралық кинематографиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты дамыту;

5) еуропалық және азия елдерінің прокаттаушылары, инвесторлары және продюсерлерімен бизнес-байланыс орнату және жүргізу;

6) қазақстандық фильмдерді басқа да халықаралық кинофестивальдерде, оның ішінде А санатындағы фестивальдерде ұсыну;

7) қазақстандық көрермендердің отандық киноға деген қызығушылығын және патриотизм сезімін ояту;

8) шетелдік және отандық БАҚ-та Қазақстанның кинематографиялық және мәдени өмірі туралы ақпарат тарату.

  1. Кинофестиваль мамандандырылған конкурстық фестиваль ретінде Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының (ФИАПФ) аккредитациясынан өткен.
  2. Кинофестиваль Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) 2019 жылғы 30 маусымнан 2019 жылғы 06 шілде аралығында 7 (жеті) күннен көп емес өткізіледі.
  3. Кинофестивальдің ресми тілі: қазақ, орыс және ағылшын.
  1. Кинофестивальді өткізу тәртібі 
  1. Кинофестиваль бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

1)  Кинофестивальдің ашылу салтанаты: «Қазақстан» Орталық концерт залы.

  • 2) Кино көрсетілімдер: Нұр-Сұлтан қ. «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы.
  • 3) Кинофестивальдің жабылу салтанаты: «Қазақстан» Орталық концерт залы.
  • 4) Еуразия жобалар нарығы (Eurasia Project Market) –  қазақстандық жас кинематографистердің сценарий немес өндірістегі жобаларын қорғауға арналған іскери алаң (питчинг); шеберлік сыныптар мен конференциялар.
  • 5) ПРОКК – кинематографистердің кәсіби  клубы, шығармашылық кештер және фестивальге қатысушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
  1. Кинофестиваль серіктестіктері:
  • 1) Астана қаласы әкімдігі;
  • 2) Қазақ ұлттық өнер университеті;
  • 3) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамы;
  • 4) «Chaplin» кинотеатрлар желісі;
  • 5) Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы (ФИАПФ);
  • 6) «Хабар», «Kazakh TV», «Ел Арна» Акционерлік қоғамы;
  • 7) «Tengri FM» радиостанциясы;
  • 8) «Brod.kz» Қазақстанның басты кинопорталы;
  • 9) «tengrinews.kz» Қазақстанның басты жаңалықтар порталы;
  • 10) Кинофестиваль орталығы: Отель RIXOS President Astana.
  • 11) Кинематографистердің кәсіби клубы: Отель RIXOS President Astana.
  1. Кинофестивальді ұйымдастыру және өткізу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес кинофестивальді ұйымдастыруды, дайындауды және өткізуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы КЕАҚ (бұдан әрі – ҰКҰМО) жүзеге асырады.
  2. Кинофестивальге қатысу үшін аумақтық шектеусіз кез келген елдің кинематографиялық ұйымдары мен кинематографистері шақырылады.

12. Кинофестивальдің бағдарламасы келесіден тұрады:

1) Байқау бағдарламасы – Азиядан және Еуропадан 2018-2019 жылдары түсірілген тақырыптық және жанрлық шектеусіз 12 (он екіден) кем емес толық метражды фильмдер, ұзақтығы 60 минуттан кем емес;

2) Байқау кино бағдарламасы - Азиядан және Еуропадан 2018-2019 жылдары түсірілген тақырыптық және жанрлық шектеусіз 12 (он екіден) кем емес қысқа метражды ойын және анимациялық фильмдер, ұзақтығы 7 минуттан кем емес және 40 минуттан көп емес;

3) Байқаудан тыс кино бағдарлама «ЕРЕКШЕ КӨРСЕТІЛІМ», әр заман мен жанрлар мэтрлерінің фильмдеріне, оның ішінде меретойлық фильмдер, Фестивальдің ашылу мен жабылуы фильмдерін ретроспективада көрсету, ретроспективада көрсету – 5 (бес) фильмнен кем емес.

4) «ФИПРЕССИ ТАҢДАУЫ» және «НЕТПАК ТАҢДАУЫ» бағдарламалары;

5) «ОБЪЕКТИВ» деректі кино бағдарламалары – ең үздік деректі фильмдердің байқаудан тыс бағдарламасы – 10 (он) фильмнен кем емес; 

6) «ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕН» заманауи қазақстан киносының байқаудан тыс бағдарламасы – 2018-2019 жж. үздік қазақстандық фильмдерді көрсету – 10 (он) фильмнен кем емес;

8) Кинофестивальдің кино бағдарламасына қатысатын фильмдердің жалпы саны - 50 (елу) фильмнен кем емес;

9) Кинофестивальдің байқаудан тыс кинобағдарламаларына қатысушы фильмдердің шығарылған күні шектелмейді;

10) Кинофестивальдің байқаудан тыс кино бағдарламасына қатысушы фильмдердің санын Кинофестивальдің бағдарламалық қызметі әрбір байқаудан тыс кино бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес айқындайды.

  1. Кинофестивальдің байқаулық бағдарламасына DCP және Blu-ray сандық форматтағы, ағылшын және орыс тілдеріндегі субтирлері бар фильмдер қатысады.

        Кинофестивальдің байқаулық бағдарламасына қабылданған фильмдердің көшірмелері ҰКҰМО 2019 жылғы 10 маусымнан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

  1. Кинофестивальдің басқа бағдарламаларына келесі форматтардағы фильмдер қабылданады: DCP, Blu-ray, Cinando VL.

              Кинофестивальдің басқа бағдарламаларында көрсету үшін қабылданған фильмдердің көшірмелері ҰКҰМО 2019 жылғы 1 маусымнан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

  1. Кинофестивальдің бағдарламалардың біріне іріктелген фильмді, оның қатысуы ресми құпталғаннан кейін, қайтарып алуға болмайды.
  2. Әр фильм Кинофестиваль  кезінде 2 (екі) реттен көп емес көрсетілуі мүмкін. 
  3. Кинофестиваль бағдарламасына қатысу үшін фильм ұсынушылар Кинофестивальді ұйымдастыру жән өткізу ережелеріне 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес өтінім нысанын толтыруы және іріктеу үшін фильмнің көрілетін көшірмесін ағылшын немесе  орыс тілдеріндегі субтирлерімен DVD-да немесе интернетке сілтеме жасай отырып 2019 жылғы 21 мамырдан кешіктірілмей ұсынуы қажет.
  4. Қатысушыларды олардың картиналары Кинофестивальдің бағдарламасына іріктелгендігі туралы хабарлағаннан кейін фильмдердің авторлары Дирекцияға қатысуын растау туралы хабарлама және келесі құжаттарды жолдаулары қажет:

1) субтитрлік  парақ (диалогтық парақ) ағылшын немесе орыс тілдерінде;

2) фильм бойынша қажетті ақпараттар мен материалдар, 2-қосымшада келтірілген.

  1. Кинофестивальдің байқау және байқаудан тыс бағдарламалары фильмдерінің көшірмелерін Нұр-Сұлтан қаласына және кері (жіберушінің әуе жайы – Нұр-Сұлтан – алушының әуе жайы) тасымалдау бойынша шығыстарды шақырушы тарап алады.  Кинофестиваль фильм көшірмелерін тасымалдау бойынша шығыстарды серіктестік кинофестивальдармен бөлу құқығын өзіне қалдырады. Шақырушы тарап Кинофестиваль бағдарламларына қатысушы фильмдердің коммерциялық емес көрсетілімі құқығын, сақтандыру, кедендік тазартуды төлейді.
  2. Фильмнің көшірмелерін жіберуші ҰКҚМО фильмді жіберу тәсілі туралы хабарлайды, сондай-ақ факс бойынша немесе электрондық мекен-жайға әуе жүк құжаты көшірмесін жібереді.

Кинофестиваль бағдарламасына енгізілген фильмдердің көшірмелерін сақтау мен сақтандыру бойынша шығыстарды ҰКҚМО төлейді.

  1. Кинофестивальдің байқау бағдарламасына толық метражды фильмдердің қатысуы марапаттау салтанатында толық метражды байқау фильмінің бір өкілінің (режиссер, актер/актриса, продюсер) міндетті болуын көздейді.
  2. Кинофестивальге қонақтарды шақыру, олардың болуы мерзімі және шарттары және аккредитация туралы ҰКҚМО шешімі бойынша бекітіледі.

Кинофестиваль қонақтарының келу шарттарын ҰКҚМО олардың жеке шақыруларында келіседі.

  1. Кинофестиваль қазылар алқасы және номинациялар
  1. Байқау фильмдерін бағалау үшін халықаралық қазылар алқасы (бұдан әрі – қазылар алқасы) құрылады. Толық метражды байқау фильмдерін бағалау үшін саны 5 (бес) адамнан кем болмайтын халықаралық қазылар алқасы құрылады және қысқа метражды байқау фильмдерін бағалау үшін саны 5 (бес) адамнан кем болмайтын халықаралық қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы құрамын ҰКҚМО бекітеді.

Қазылар алқасы құрамына байқау картиналарын құруға немесе коммерциялық прокатқа қатысқан адамдар кіре алмайды..

  1. Кинофестивальға Азиялық киноны насихаттау жөніндегі халықаралық ұйым (НЕТПАК) тәуелсіз халықаралық қазылар алқасы, әр біреуінде 2 (екі) адамнан кем емес қатысады.
  2. Қазылар алқасы мүшелерінің екі бағыт бойынша жол жүрісі, тұруы шығыстары, гонорарларын төлеу, сондай-ақ олардың болуы уақытындағы көліктік шығыстарын ҰКҚМО алады.
  3. Қазылар алқасы номинациялар бойынша премиялар иелерін айқындайды, «Еуразия» жүлде-статуэткалары мен ақшалай сыйақылар табыстайды:

Толықметрлі картиналардың байқауы:

Үздік фильм – Гран-при 3 000 000 (үш миллион) теңге (фильмнің продюсеріне табысталады);

Үздік режиссерлік жұмыс жүлдесі 2 000 000 (екі миллион) теңге;

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі 1 000 000 (бір миллион) теңге;

Үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін 1 000 000 (бір миллион) теңге;

Үздік әйел адам рөлін сомдағаны үшін 1 000 000 (бір миллион) теңге.

Қысқаметрлі картиналардың байқауы:

Үздік фильм – Гран-при 1 000 000 (бір миллион) теңге (фильмнің продюсеріне табысталады).

27.Ақшалай жүлделік сыйақыны төлеу тәртібі:

1) Қазақстан Республикасы резиденттері үшін – Кинофестивальдің ресми жабылу салтанатынан кейін 10 (он) банктік күн ішінде жеке шотқа аудару жолымен;

  • 2) Бейрезиденттер үшін – Кинофестивальдің ресми жабылу салтанатынан кейін 10 (он) банктік күн ішінде кедергісіз айырбасталатын валютада жеке шотқа аудару жолымен;
  • 3) ҚР салық заңнамасына сәйкес ақшалай жүлде сомасынан жеке тұлғаныңы кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу: Қазақстан Республикасы резиденттері үшін – 20 (жиырма) пайыз мөлшрінде, бейрезиденттер үшін - 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде жүргізіліде.
  1. Қазылар алқасы:

1)  Кинофестивальдің кез-келген номинациясы бойынша жүлделер бермеуі;

  • 2) Кинофестиваль жүлделерін берілуін дәлелдеуі мүмкін.
  1. Қазылар алқасы барлық байқау фильмдерін көруге және талқылауға қатысады.
  2. Қазылар алқасы ашық дауыс беру жолымен шешім қабылдайды.
  3. Жүлделерді беру туралы шешім хаттамамен ресімделеді, оған Қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
  4. Қазылар алқасының шешімі Кинофестивальдің жабылу салтанатында жарияланады, соңғы шешім болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
  5. Қоғамдық және өзге де ұйымдар, демеушілер Кинофестиваль қатысушыларына өздерінің жүлделері мен сыйақыларын белгілей алады, оларды ҰКҚМО 2019 жылғы 20 маусымға дейін келісу қажет.
  1. Кинофестивальді ақпараттық жариялау
  1. XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалін шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпараттық құралдарда ақпараттық кең жариялау мақсатында ҰКҚМО Кинофестивальдің баспасөз орталығы жұмысын ұйымдастырады, баспасөз релиздерін шығарады, бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) барлық қажетті ақпараттық материалдарды ұсынады.
  2. ҰКҚМО Кинофестивальдің байқау бағдарламасының қатысушыларымен және қонақтарымен баспасөз конференцияларын ұйымдастырады.
  3. ҰКҚМО жарнама материалдарын, аудио және видеороликтер әзірлейді, Кинофестивальдің баспасөздегі, радио және телевидениедегі, қаланың сыртқы жарнамасындағы жарнамалық кампаниясын қамтамасыз етеді және төлейді. ҰКҚМО Кинофестивальді өткізу кезінде Қазақстан Республикасының жетекші телеканалдарында күнделікті эфирге шығатын Кинофестивальдің видеокүнделіктері өндірісін ұйымдастырады, сондай-ақ видеокүнделіктер әлеуметтік желілерде, You Tube каналында, Кинофестивальдің ресми бағдарламаларында қайталанады.
  4. Кинофестивальді халықаралық нарықта жылжыту мақсатында, ҰКҚМО шетелдік мамандандырылған БАҚ-пен ынтымақтастық орнатады, журналистердің келуін және Нұр-Сұлтан қаласында тұру шығыстарын төлейді.
  5. Кинофестивальдің жұмысын жариялау қорытындысы бойынша шетелдік және қазақстандық баспа БАҚ-да (20 000 данадан кем болмайтын тиражбен) 30-дан кем емес ақпараттық материал (мақалалар, сұхбаттасу, пікірлер, фоторепортаждар және т.б.) шығару және телевидениеде 5 репортаж трансляциялау жоспарланған.
  1. Кинофестивальдің аяқталуы
  1. Кинофестиваль аяқталғаннан кейін және 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ҰКҚМО келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1)  Министрлікке XV «Еуразия» кинофестивалін өткізу бойынша есеп беру;

  • 2) Кинофестиваль конференциялары мен дөңгелек үстелдері қорытындыларын шығару, Қазақстан кино өндірісін дамыту бойынша айтылған ұсыныстарды жүйелеу;
  • 3) Кинофестивальдің халықаралық серіктестермен қол жеткізген келісімдер бойынша жұмысты жалғастыру.