Антон Макарский

Антон Игоревич Макарский – ресей театр және кино актері, әнші. 1975 жылы 26 қарашада Пенза қаласында дүниеге келген. Үшінші буындағы актер, Ресей халық әртісі Михаил Яковлевич Капланның немересі. Сегіз жасынан бастап Пенза драма театрының спектакльдеріне қатысқан. 10 жасында спорпен айналысқан және 17 жасында күштік үш сайыстан (пауэрлифтинг) спорт мастері атанады. 1993 жылы Щукин атындағы Театр институтына түседі, оны 1997 жылы үздік бітіреді. Марк Григорьевич Розовскийдің “У Никитских ворот” театрында бірнеше ай жұмыс істеп, әскер қатарына кетеді. Әскерир қызметті Ресей Халық әртісі генерал-майор Виктор Петрович Елисеевтің басқаруындағы РФ ІІМ ҚК Мемлкеттік ән-би ансамблінде атқарады. “Метро”, “Нотр-Дам де Пари”; мюзикльдарында, “Аршин Мал Алан” музыкалық спектакльде басты партияларды орындады. Телесериалдар мен фильмдердегі әндерді орындайды. Эстрада әншісі ретінде де шығады. Жеке альбомын шығарды.