Тұжырымдама

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.

«Еуразия» кинофестивалі өнер адамдарын біріктіретін айтулы оқиға ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосатын ауқымды мәдени жоба. Тіл ерекшелігіне қарамастан түрлі мәдениет арасында диалог орнатып, шетелмен рухани байланысты кеңейтеді. «Еуразия» ХКФ –жалпы адами және ұлтаралық бірлікті нығайтатын тағы бір импульс.

Фестивальді өзкізудегі басты мақсат: отандық киноны өнер туындысы және индустрия ретінде дамыту, көпшілік қауымның кинематографиялық өнерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Фестивальдің міндеттері:

* кино саласында халықаралық байланысты орнату және дамыту, ко-өндірістегі серіктестікке аса назар аударып, отандық фильмдердің дистрибуциясын: Еуропа, Азия, Америка, Орталық Азия елдері арасында жасау болып табылады;

* фестивальді Еуропа мен Азия арасында мәдени және кинематографиялық көпір ретінде қалыптастыру;

* Қазақстан киноиндустриясының үздік киножобаларын көрсету, жетістіктерін ұсыну және тарату;

* халықаралық кинематографиялық қауымдастықпен ынтымақтастықты дамыту;

* еуропалық және азия елдерінің прокаттаушылары, инвесторлары және продюсерлерімен бизнес-байланыс орнату және жүргізу;

* қазақстандық фильмдерді басқа да халықаралық кинофестивальдерде, оның ішінде А санатындағы фестивальдерде ұсыну;

* қазақстандық көрермендердің отандық киноға деген қызығушылығын және патриотизм сезімін ояту;

* шетелдік және отандық БАҚ-та Қазақстанның кинематографиялық және мәдени өмірі туралы ақпарат тарату.