Ақтоты Райымқұлова
Мәдениет және спорт министрі
Құрметті «Еуразия» кинофестивалі қатысушылары мен қонақтары!
Биыл Халықаралық продюсерлер ассоциациясымен аккредиттелген (FIAPF) Еуразия континентінде iрi кинофорум болып табылатын Он бесінші мерейтойлық «Еуразия» Кинофестивалi өткелі отыр.
Кинематография саласының құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталған «Кинематография туралы» туралы Заңға қол қойылғаннан кейінгі алғашқы фестиваль болғандығы да есте қаларлық оқиға болып табылады.
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қолдауының арқасында бүгінгі күні отандық киноиндустрия өз дамуының жаңа сапалы сатысына шығып келеді.
Өзінің жұмысы уақытында «Еуразия» Қазақстанның мәдени өмірінде ғана емес, қазақстандық киноиндустрияның қарқынды дамуына ықпал ететін беделді нағыз кәсіби алаңға айналды, оның нық көтерілуі заманауи Қазақстанның ажырамас белгісіне айналғандығын айта кеткім келеді.
Жастар жылының ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев «қабылданып жатқан барлық күш-жігер елді болашақ серпіліске әзірлеуді діттейді және қуатты Қазақстанды құруға бағытталғандығын» атап айтты,
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, алдағы фестиваль жасампаз және ілгерішіл жастар арасынан жаңа тұлғаларды таныту жағынан да, жан-жақты байланыстар орнату мен ірі киножобалар, оның ішінде әлемдік озық кинокомпаниялармен жасау жағынан да мазмұнды болады деп ойлаймын.
Андрей Хазбулатов
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КАҚ басқарма төрағасы
Қымбатты достар!
Еуразия континентін шығармашылық тұрғыдан ерекше қылып көрсететін әлемдегі жалғыз кинофорум болып табылатын, он бесінші «Еуразия» фестиваліне қош келдіңіздер дегім келеді!
Осы жылдың форматы ең өнімді болады деп үміттенеміз. Бұл конкурсқа қатысушылардың кең географиясы, және көрнекті голливуд фэм-тур, және де Европа мен Азиядан келген қонақтар- кинопродюсерлер, режиссерлер тізімі.
Бұдан басқа, фестиваль аясында шетелдік продюсерлер мен кинокомпаниялардың қатысуымен түсірілген бірлескен киножобаларды конкурстық іріктеу жүргізіледі, көптеген іскери кездесулер өткізіледі, жаңа киножобалар ұсынылады, толық тәжірибе алмасу болады, Қазақстан мен Орталық Азиядағы кинобизнестің болашағы талқыланады.
Сондықтан біз осы кинофестивальден жарқын жаңалықтар, сәтті жобалар мен нәтижелі қорытындылар күтеміз!
Ермек Тұрсынов
«Еуразия» ХКФ Президенті
Қымбатты достар!
«Еуразия» кинофестивалінің барлық қонақтары мен қатысушыларына шын жүректен қош келдіңіздер дегім келеді! Биыл өзгеше мерейтой – біздің фестиваль он бесінші рет өткелі отыр.
Бүгінгі күні бастысы - «Еуразия» әлемдегі кинематография картасында өзінің лайықты орнын тапты деп айтға болады. Бұл фестивальдың бастауында тұрғандардың, әр жылдары оның жұмысына барлық күштері мен таланттарын салғандардың еңбегі. Кинофестиваль отандық кино өндірісін қарқынды дамытуға ықпал ететін беделді кәсіби алаңға айналды.
Биылғы жылы біз конкурстық бағдарламаның «Еуразияның» – Шығыс пен Батыстың арасында кинематография көпірін салудағы дәстүрлі тұжырымдамасын толық ашуына тырыстық. Негізгі конкурсқа Қазақстаннан, Қытайдан, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Изариль, Украина, Авсиралиядан және басқа да елдерден келген жаңа картиналар іріктелді. Біздің көрермендер конкурстан тыс: «Айырықша көрсетілім», «Объектив», «Еуразия жүрегінен», «NETPAC таңдауы» бағдарламаларын тамашалай алады.
Біз фестивальға үш құрамдағы жюри шақырдық: негізгі жюри, қысқа метраж жюриі және NETPAC тәуелсіз жюриі, оған FIPRESCI өкілдері кіреді. Фестиваль орталығында белгілі кинематографтардың мастер кластары, шетелдік компаниялармен бірлесіп түсіруге бағытталған киножобалардың питчингі, біздің кино өндірісі үшін өзекті тақырыптарға арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі, біздің қонақтар үшн ПРОКК кәсіби кинематографтар клубы жұмыс істейді.
Жалпы, «Еуразияның» күнделікті бағдарламасы өте қызықты болады деп күтеміз.
Баршамыз үшін киноның үлкен мерекесі болсын деп тілеймін!