Дмитрий Дюжев

Дмитрий Петрович Дюжев - Ресейдің театр және кино актері, дыбыстау актері, режиссер, сценариші.. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі. 1978 жылы 9 шілдеде Астрахань қаласында дүниеге келген. Карачаево-Черкессияның халық әртісі. Чехов атындағы МХТ актері. 17 жасында Дарынды балалар мектебін бітіріп, ГИТИС-қа режиссер факультетіне (актер тобы) Марк Захаров шеберханасына оқуға түскен. 1999 жылы РАТИ-ГИТИС бітірген және Мәскеу ТЮЗ труппасына жұмысқа қабылданған. Кинодағы дебюті 2000 жылы Александр Атанесянның “24 сағат” фильмі. Дмитрийге танымалдық Алексей Сидоровтың “Бригада” фильміндегі рөлінен кейін келді. Алексей Балабановтың “Тығылмақ” “қара комедиясындағы” бандит Саймонның рөлінен кейін кино сыншылар да актердің ойынын бағалады, осы рөлі 2005 жылы Сочидағы “Кинотавр” ОРКФ аталды. “АҒАМжәне Мен” қысқа метражды фильмін түсірген, Отражение фестивалінде бас жүлдеге және Арткино Мәскеу авторлық қысқа метр фестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. “Екі жұлдық” вокалдық телевизиялыұ конкурста Тамара Гвердцителимен жеңімпаз атанды.