Меруерт Өтекешева

Меруерт Қаратайқызы Өтекешева - совет және қазақ кино және театр әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісіі. 1951 жылы 25 ақпанда туған 1968 жылы “Қыз Жібек” кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдауға шақырылған. 1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген. 1973 жылдан М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында артистік труппада үздіксіз жұмыс істеген. Театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың “Ана-Жер-Ана” спектакліндегі Әлиман (1973), М.Әуезовтың “Қаракөз” спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармасы байқауының лауреаты атанған. Өтекешева Республикалық “Жігер” фестивалінің лауреаты. 2017 жылы отандық мәдниет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін “Парасат” орденімен марапатталған.