Наталия Антонова

Наталия Сергеевна Антонова – Ресейдің театр және кино актрисасы. 1974 жылы 12 наурызда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Б.В. Щукин атындағы Жоғары театр училищесін бітірген. 1997-2012 жылдар аралығында Н.В. Гоголь атындағы Мәскеу драма театрының әртісі. 1997 жылдан бері киноға түсіп келеді. Алғашқы рөлін “Бұлыңғыр жастық шақтың басында” фильмінде сомдаған. Қырықтан аса рөлдерде ойнаған. 2003 жылы “Өзге өмір” сериалындағы Полинаның рөлі арқылы танымал болды.