Нұржұман Ықтымбаев

Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев - совет қазақ кино актері. Қазақстан Республикасының Халық әртісі. Нұржұман Ықтымбаев 1941 жылы 14 мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және “Қазақфильм” студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген “Мазасыз таң” фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан “Қазақфильм” киностудиясының актері. Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО Кинематографистер одағының үздігі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, “Адамдар арасындағы бөлтіріктегі” тұйық, қатаң мінезді, “Сталинге сыйлықтағы” жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал “Барлаушыдағы” қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар. Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж. Депардьемен б ірлесіп түскен “Кеш оянған махаббат” фильмін атауға болады. Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады