Сергей Бодров

СЕРГЕЙ БОДРОВ - режиссер, сценарист және продюсер. 1996 жылы Сергей Бодров Лев Толстойдың әңгімесіне негізделген “Кавказдық тұтқын” драмасы арқылы халықаралық танымалдылыққа ие болды. Фильм Бодровқа алғашқы “Оскар” мен “Золотой глобус” шетел тілдеріндегі ең үздік фильм номинацияларын, сондай-ақ Еуропа киноакадемиясының ең үздік сценарий және Канн фестивалінің сыншылар жүлдесін әкелді. 2007 жылы оның “Монғол” фильмі шетел тілдеріндегі ең үздік фильм номинациясы бойынша Оскар жүлдесіне ұсынылды және 60-тан астам елде көрсетілді. Legendary Pictures компаниясы түсірген және 2014 жылы Universal Pictures прокатқа шығарған, басты рөлдерде Джефф Бриджес пен Джулианна Мур түскен Бодровтың “Жетінші ұл” мегабюджетті фэнтэзи-фильмі бүгінгі күні оны аса көрнекті режиссерлар қатарына қойды