ХV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпазы анықталды

Бір апта бойы Нұр-сұлтан қаласы кино жасайтындардың, оны көпшілікке тарататын мамандардың және киносүйер қауымының шоғырлану орталығына айналды. Оған әлемнің барлық түкпірлерінен актерлер, режиссерлер мен продюсерлерді жинаған XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің өткізілуі себеп болды.

Ауқымды мәдени оқиғаның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ болып табылады.

Алғашқы күннен бастап фестивальдің барлық іс-шаралары толық аншлагпен өтті. Байқау көрсетілімдерінде де, баспасөз маслихаттарында да, кино қонақтары мен мэтрлерінің мастер-кластарында да, сүйікті актерлермен кездесулерде де залдар көрермендерге лық толы болды. Осының барлығы кинофорумның Қазақстанның мәдени өміріндегі орнын берік ұстағандығының дәлелі.

Кинофестивальдің құрметті қонақтары ретінде Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, танымал түрік актері Бурак Озчивит, ресейлік жұлдыздар Дмитрий Дюжев, Антон Макарский, Наталия Антонова, ірі халықаралық кинофестивальдердің басшылары, кино индустриясы саласындағы танымал сарапшылар мен сыншылар және голливудтық продюсерлер қатысты.

Бүгін, "Қазақстан" орталық концерт залында фестивальға қатысқан фильмдердің ішінен ең үздіктерін анықтау рәсімі болып өтті.

Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі алдында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновты Қазақстан киносының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапаттады.

"NETPAC таңдауы" конкурстан тыс бағдарламасының жеңімпазы болып ресейлік «Алпауыт» лентасы танылды. Сыйлықты атақты қытайлық режиссер Се Фей тапсырды.

Фестивальдің бас серіктесі "Хабар" агенттігінің ерекше дипломдарымен татар режиссері Юлия Захарованың "Халима" фильмі, сондай-ақ режиссер Азиз Заировтың "Теңіз және қыз" фильмі марапатталды. Жүлделерді "Ел Арна" телеарнасының директоры Арман Сейтмамыт табыс етті.

Үздік қысқа метражды фильм үшін Гран-при қытайлық «Жарқын күндер» кинолентасына бұйырды. Фильм режиссері Мария Хабулл Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығының атқарушы хатшысы Сергей Рахлиннің қолынан марапатқа ие болды. Бұл байқауда қазылар алқасының арнайы жүлдесін өзбекстандық Шокир Холиковтың «Шәй» фильмі және беларусь Митрий Семенов-Алейниковтың «Франка» фильмі ұтып алды.

Үздік актер жүлдесін «Эхо» фильмі үшін Йорам Толедано алды, бұл марапатты Ресейдің ең ірі ivi онлайн-кинотеатр өкілі Иван Кузин табыстады.

Үздік актриса атағы «Алиса» фильміндегі рөлі үшін Эмили Пипонньеге берілді. Бұл жүлдені танымал ресейлік актер Кирилл Гребенщиковтан табыстады.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесін Любовь Борисованың «Менің төбемнен күн батпайды» картинасы ұтып алды. Бұл сыйлықты француз монтажері Эрве Шнейд фильмнің продюсері Дмитрий Щадринға ұсынды.

Үздік режиссерлік жұмыс номинациясын Қазақстанның Халық әртісі, қазақстандық кинематография мэтрі Талғат Теменов табыстады. Бұл сыйлық оңтүстік кореялық «Паразиттер» фильмнің режиссері Пон Джун Хоға бұйырды.

Үздік сценарий үшін сыйлықты QED International Covert Media бас атқарушы директоры, Голливудтің үздік продюсерлерінің бірі Александр Шапиро табыстады. Ол «Құдай бар, оның есімі Петруния» фильмінің авторлары Теона Стругар Митевска мен Эльма Татарагичке  берілді.

Ең басты жүлде - XV Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің гран-приін халықаралық қазылар алқасының төрағасы, танымал венгр режиссері Тамаш Тот табыстады. Ол отандық режиссер Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» фильміне берілді.

Фестивальдің Президенті, Кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов қорытынды қойылымнан кейін сөз сөйлеп, фестиваль аясында өткен іс шаралар мен көрсетілімдердің көрермендердің қатты қызығушылығын тудырғанын атап өтіп, байқауға қатысушылардың, халықаралық қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы үшін алғысын білдіріп, жеңіпмазды құттықтады.

- Жүлделер табысталды, фестиваль аяқталды. Келгендеріңізге қуаныштымын, келесі жылы кездескенше, - деп түйіндеді ол.

Фестивальдің бас серіктесі - "Хабар" Агенттігі және ақпараттық серіктесі - "Ел арна" телеарнасы"
Фестиваль серіктесі - ivi онлайн-кинотеатры